АСТАНА. 21 сәуір. Әлемге танымал Mitsubishi Motors автоконцернінің жүздеген мың көліктерінен ақау шықты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Компанияның көліктерін сынақтан өткізу барысында жанармай шығынын көрсетуде ақаулардың бар екендігі анықталды. Осының салдарынан Mitsubishi Motors және Nissan брендтерімен шыққан 625 мыңға жуық көлік жарамсыз болып, сатылымнан алынып тасталуы мүмкін. Ал бүгін қор биржасындағы Mitsubishi акциялары 15 пайызға құлдырады.
Автоконцерн басшылығы келеңсіздіктерге байланысты тұтынушыларынан кешірім сұрады.
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Hyundai және Kia Motors та осындай жағдайға тап болған. Сондай-ақ, өткен жылы Volkswagen автоконцерні заңсыз түрде қоршаған ортаға тарайтын қалдықтарды азайтып көрсететін құрылғы орнатқан. Осыған байланысты Еуропаның және Азияның бірқатар елдері ірі көлемде айыппұл салды.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: ТАСС.