АСТАНА. 21 сәуір. Эфиопияның батыс аймағында лаңкестер 100-ге жуық баланы тұтқынға алып кетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Стефан Дюжаррик бұл істі Оңтүстік Суданнан келген содырлар істеуі мүмкін екендігін айтты. Сондай-ақ, бейресми мәліметтер бойынша қаза тапқандар мен жараланғандардың арасында да бүлдіршіндер бар.
Стефан Дюжаррик БҰҰ-ның қызметкерлері лаңкестік әрекеттерден зардап шеккендерге көмек көрсетуге дайын екендігін мәлімдеді. Ал Эфиопия үкіметі ұрланған балаларды аман алып қалуға әрекеттенуде.
Айта кетейік, 17 сәуір күні Оңтүстік Суданнан Эфиопияның Гамбела провинциясындағы елді мекенге басып кірген экстремистер бейбіт тұрғындарға оқ атқан. Салдарынан 208 адам мерт болып, 75 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Өздерімен бірге жүзге жуық баланы тұтқынға алып, екі мың бас малды айдап әкеткен.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: inform.kz.