• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
21 Сәуір, 2016

Қостанайда 2017 жылы республикалық сабантой өтеді

284 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 21 сәуір. Қостанай облысының делегациясы Татарстан республикасында болып қайтты. Делегация құрамында «Тобол» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы өкілдері, ірі өнеркәсіп және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жетекшілері, Қазқстақстан халқы ассамблеясының облыстық филиал мүшелері болды. Бұл туралы Қостанай облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Екі күндік сапарда облыс әкімі Архимед Мұхамбетов бастаған делегация мүшелері Татарстан халқы достық үйінде қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы активтерімен кездесті. Татарстанда 1800 қазақтар тұрады, тағы 800 қазақстандық студент Қазандағы жоғары оқу орындарында білім алып жүр. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов: «Осы сапарымызда әлеуметтік-экономикалық мәселелер екі жақтың жетекшілерімен, бизнес қоғамдастығымен талқыланды. Делегация, өзім үшін де Қазандағы отандастарымызбен кездесу үлкен маңыз алады. Біз Татарстанмен біздің облыстағы татар диаспорасымен тығыз байланыс орнатамыз», – деді. Архимед Мұхамбетов 2017 жылы республикалық сабантойды Қостанай облысында Татарстан делегациясының қатысуымен өткізуді ұсынды. Бұл ұсыныс облыс әкімі мен Татарстанның президенті Рустам Минниханов арасында болған әңгімеде тағы да қаралып, қолдау тапты. Қазақстан мен Татарстандағы диаспоралар арасындағы өз ара қарым-қатынастың дамуын, олардың атамекенімен байланысының үзілмеуін Қазандағы достық үйінің директоры Ирек Шарипов те қолдады. Ирек Шарипов: «Қазақ диаспорасы бізде үлкен беделге ие. Достық үйі Нұрсұлтан Назарбаев атындағы көшеде тұр. Мұнда қазақтардың үлесі үлкен», – деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.