• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2016

Қар ерісе жол ериді. Неге?

357 рет
көрсетілді

Жылда қайталанатын жол «жыры» жүргіншілер мен жүргізушілердің жүй­кесін жұқартумен келеді. Қар еріп, көгілдір көктем келіп арқа-басымыз кеңігенде ойлы-шұқыр жол мәселесі алдан шығады. Мыңдаған жүргізушілер салығымызды төлеп жатырмыз, құқығымызды кім қорғайды деп налиды. Өйт­кені, тірнектеп жиып теңгеге алған былайғы жұрт машиналары темір болғанмен, жырым-жырым жолға төтеп бермей, тетігі кетіп, терең күрсініп тұрғаны. Ал жолға жауап бер­е­тіндер жамап-жасқап әлек. Қазақ мұндайда ескіні жамаған­ның есі кетеді деп жатушы еді. Жол мәселесі сөз болғанда әр жыл сайын бөлінген миллиондар мен миллиардтар айтылады. Бар кінә «жексұрын» қыстың аязы мен көктемнің жылымығына телінеді. Шенеу­ніктер биыл да жылдағы уәжді алға тартып, қыруар ақша бөлін­гені, қанша шақырым жол жөнделетіні туралы айтып жатыр. Мәселе ауа райында ма, әлде қаржының тиімді жұм­салмауында ма? Иә, жол жыры әртүрлі сылтауларға сеп болып, қашанғы жалғаса берер екен? Әлде, ақ-қарасы түбе­гейлі тексеріліп, себеп-салдары биыл анықталып, алдағы жылы «жыртыңдаған» жырға тосқауыл қойылар ма? Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»