• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2016

Зика безгегі 66 елге тарады

367 рет
көрсетілді

АСТАНА. 22 сәуір. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2007 жылдың 1 қаңтарынан 2016 жылдың 20 сәуіріне дейін зика безгегінің 66 мемлекетке тарағанын мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сегіз мемлекетте бұл вирустың ауру таратқыш масалардан бөлек адамдар арасында жұқпалы түрде тарағаны белгілі болды. Аргентина, Сили, Франция, Италия, Жаңа Зеландия, АҚШ елдерінің қатарына енді Перу және Португалия қосылды. Қауіпті безгек адамның жүйке жүйесіне кері әсерін тигізеді, ал жүкті әйелдерде іштегі сәбиге беріліп, түсік тастауға дейін апаруы мүмкін. Айта кетейік, зика – маймылдар арасындағы қауіпті ауру. Адамға масалар арқылы жұғады. Ол әсіресе, аяғы ауыр әйелдер үшін қатерлі болып есептеледі. Сәби дүниеге келгеннің өзінде микроцефалияға шалдығуы мүмкін, яғни ми құрылысы өз мөлшерінде дамымай, көру, есту мүшелерінде ауытқушылықтар пайда болады. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: nsu.ru.