• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Сәуір, 2016

Мешітте болған жарылыстан 9 адам қаза тапты

424 рет
көрсетілді

АСТАНА. 22 сәуір. Ирак астанасы Бағдад қаласындағы мешіттердің бірінде лаңкестік әрекеттен 9 адам қаза тапты. Бұл туралы newsru.com-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға қаланың оңтүстік-батысындағы Эр-Радвания ауданында болды. Мәліметтер бойынша, 25 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Лаңкестік әрекетті әзірге ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Алайда, болжам бойынша бұл істі ДАИШ содырлары жасаған болу мүмкін. Себебі, осыған дейін шиит бағытын ұстанушыларға аталған топтың содырлары бірнеше рет шабуыл жасаған. Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше жанкештінің бірі мешіт ішінде өзін өзі жарып жіберген. Сондай-ақ, осы әрекетті ғимарат сыртында жүзеге асырмақ болған тағы бір экстремисті тәртіп сақшылары дер кезінде байқап, алдын алып үлгерді. Осыған дейін Абу Грейб ауданында лаңкестік әрекеттен екі адам қаза тауып, 9 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Біріккен Ұлттар Ұйымының хабарлауынша, Ирак мемлекетінде осы жылдың ақпан айында террорлық шабуылдан барлығы 670 адам опат болып, 1290 бейбіт тұрғын зардап шеккен. Аян Әбдуәли. Дерек: newsru.com. Фото: euroasianews.ru.