• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-02/169 

210 рет
көрсетілді

2015 жылғы 27 ақпан, Астана қаласы Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабының 18-35) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің міндетін атқарушы С.ОМАРОВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _____________Б.Сұлтанов 2015 жылғы 30 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі _____________ Е.Досаев 2015 жылғы 10 маусым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/169 бұйрығымен бекітілген Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 13-бабының 18-35) тармақшасына сәйкес әзірленді және тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) әкімші – Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы; 2) жекеше орман питомниктерін құру және дамыту – орман питомниктерін құру немесе қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргізудің бүкіл циклы, ол 5-10 жылға созылып, жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаж жұмыстарын, көгалдандыру, ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін ағаш пен бұта тұқымдыларын өсіруді қамтиды; 3) қатысушы – ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға жасалған ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар орман пайдаланушы және (немесе) жекеше орман иеленуші болып табылатын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлға; 4) негізгі жоба – бюджеттік жоспарлау мақсатында осы салада маманданған жобалау-іздестіру ұйымы әзірлеген тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызу және оларды өсіру немесе жекеше орман питомниктерін құру және дамыту жобасы (жобалау-іздестіру жұмыстарын қоса алғанда); 5) тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын отырғызу мен өсіру – жобалау-іздестіру жұмыстарынан бастап сүрек дайындауға дейін ағаш пен бұта өсімдіктерінің сүрегін өндірудің бүкіл циклы, ұзақтығы 10-15 жыл. 2. Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу тәртібі 3. Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызу және оларды өсіру, жекеше орман питомниктерін құру және дамыту жөніндегі шығыстарды өтеуге бюджетте көзделген қаражат негізінде әкімші негізгі жобада қаралған жұмыстардың құнынан 50% дейін қатысушының шығыстарын өтеуді жүзеге асырады. Бұл ретте тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін бюджетте көзделген қаражат қатысушылар арасында барабар бөлінеді. 4. Тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын отырғызу мен өсіруге және (немесе) жекеше орман питомнигін құру мен дамытуға жұмсалған өзінің шығыстарын өтеу үшін қатысушы ағымдағы жылғы 20 қарашадан кешіктірмей әкімшіге мынадай құжаттар береді: 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын отырғызу мен өсіруге немесе жекеше орман питомнигін құру мен дамытуға жұмсалған шығыстарды өтеуге өтініш; 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актілері. 5. Қатысушы орындаған жұмыстарды қабылдау үшін әкімші ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей әкімшінің аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті орындаушы органдардың қызметкерлер қатарынан үш адамнан кем емес орындалған жұмыстарды қабылдау бойынша комиссия құрады (бұдан әрі – қабылдау бойынша комиссия). Орындаған жұмыстарды қабылдау ағымдағы жылғы 1 қазаннан 10 қарашаға дейін қабылдау бойынша комиссия қатысушының жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырады, өтініш ағымдағы жылғы 10 қыркүйектен кешіктірмей әкімшіге беріледі. 6. Әкімші орындалған жұмыстар актілерінің негізінде қатысушыларға шығыстарды өтеу үшін ағымдағы жылдың желтоқсан айында аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем жасау шоттарының тізілімін және екі данада төлем жасау шоттарын береді. Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларына 1-қосымша Нысан Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеуге өтініш Осымен қатысушы ________________________________________________________ (әкімшінің атауы) әкімшіге ____________________________ 20___жылғы _________ дан ____________ дейінгі (әкімшінің атауы) кезең бойынша жалпы сомасы _______________ тенге жұмсалған шығындардың тез өсетін ағаш және (немесе) бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызу және (немесе) онда өсіру, жекеше орман питомниктерін құру және (немесе) дамыту бойынша (керегінің асты сызылсын) орындалған жұмыстардың қабылдау актілерін береді. Қатысушының шоты _________________________________ шот № _____________. (қаржы ұйымның атауы) ______________________________________________________________________________ (ұйымның атауы (заң тұлға үшін), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы (заңды тұлға үшін бірінші басшының немесе сенімхат бойынша өкілінің қолы) М.О. 20 __ жыл «___» ____________ Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және онда өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларына 2-қосымша Нысан __________________________________________________________________________________________ (тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызудың және оларды өсірудің, __________________________________________________________________________________________ жекеше орман питомниктерін құрудың және дамытудың (керегінің асты сызылсын)) 20__ жылы ___________ ___________________________________________________ (қатысушының атауы) орындалған жұмыстарды қабылдау актісі Р/с № Жұмыстар атауы мен материалдар сатып алуға жұмсалған шығындар Өлшем бірлігі Саны Жалпы құны, теңге Барлығы Оның ішінде Негізгі жалақы Басқа шығындар Жиыны оның ішінде ҚҚС Шығындар сомасы _____________________________________ теңге. (цифрмен, жазбаша) ________________________________________________________________________________ (қатысушы атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) М.О. 20 __ жылғы «___» ______________ Орындалған жұмыстарды қабылдау бойынша комиссия келесі кұрамды __________________ _______________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы) кестеде көрсетілген жұмыстардың өткізілгенін қуаттайды. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11633 болып енгізілді.