• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Тарихты дәріптеген олимпиада

613 рет
көрсетілді

Жуырда Астанадағы Елбасы кітапханасында 5-10 сынып оқушылары арасындағы Қазақстан тарихынан XІ республикалық «Тарих ата» қашықтық олимпиадасының  салтанатты жабылу рәсімі өтті. Атап айтар болсақ, аталмыш са­йысқа Қазақстанның барлық өңірінен 1624 оқушы қатысты. Олимпиада қашықтық және қорытынды екі кезең бо­йынша өткізілді. Нәтижесінде 148 жеңімпаз анықталып, қорытынды кезеңге шақырылды. 5-10 сынып оқушылары Қазақстан тарихы бо­йынша тест тапсырмаларын орындаса, 8-10 сынып арасында ең жоғары ұпай жинаған қатысушылар Қазақстан тарихы бойынша өзекті тақырыптарға эссе жазды. Осы жылғы олимпиаданың бір ерекшелігі, Қазақстан Рес­публикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітап­ханасымен бір­лесіп өткізілуінде болып отыр. Шараға қатысушылар Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев туралы деректі фильмді тамашалады. Кітапхананы аралап, «Әлемді өзгертетін идеялар» интерактивті білім беру кешені арқылы Ел­басының идеяларымен және бастамаларымен жақынырақ таныс­ты.  Соны­мен қатар, Білім және ғылым министрлігі Мемлекеттік тарих институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Б.Аяғанмен кездесті. Шара соңында олимпиаданың жеңімпаз жүлдегерлері Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі диплом, грамоталарымен  марапатталды. Сонымен қоса, жеңімпаз оқушыларға «Ойлар мен жылдар» және «Біздің Президент» атты тағылымы мол кітаптар сыйға тартылды. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»  
Соңғы жаңалықтар