• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Есептік концертте болды

275 рет
көрсетілді

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республи­ка­сының Мемлекеттік күзет қыз­меті Президенттік оркестрінің ел тәуел­сіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өткен биылғы есептік кон­цертінде болды, деп хабарлады Қазақ­стан Президентінің баспасөз қызметі. Концертке шығармашылық жолын Президенттік оркестрде бастаған Қазақстанның белгілі әртістері қатысты. Мәдени іс-шарада «Ұлы Дала» компо­зициясы тұңғыш рет орындалды. Бұл шығарма Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетімізді ресми атауымен қатар «Ұлы Дала елі» деп атау жөніндегі бастамасынан кейін дүниеге келген болатын. Сондай-ақ, Президенттік оркестрдің жас дарындары концертте «Ахау, арман», «Жыр-шашу» сияқты қазақтың халық әндерін, классикалық және қазіргі заманғы музыкалық шығармалар мен билерді орындады. Президенттік оркестр 1992 жылы Қазақ­стан Республикасының протоколдық, дип­лома­тия­лық, мемлекеттік және басқа да іс-шара­ларын музы­калық жағынан қамтамасыз ету үшін құ­рыл­ды. Ұжым фольклорлық музыкадан бас­тап, қазіргі авторлардың композициялары­на де­йінгі әлемдік музыкалық өнердің барлық жанр­ларын қамтитын шығармаларды орындайды. Президенттік оркестр еліміздің мәдени өміріне белсене атсалысып, Қазақстанды жаһан­дық музыкалық аренада лайықты таны­тып келеді. Оркестр әртістері ТМД, АҚШ, Ұлы­бри­тания, Түркия, Үндістан елдерінде және бас­қа да әлемге әйгілі сахналарда табыс­ты өнер көрсетті. Президенттік оркестрді 2006 жылдан бері «Елім менің» алғашқы республикалық патриоттық әндер конкурсының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, полковник Талғат Бердіғұлов басқарып келеді.