• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Мәжіліс бюросы: күн тәртібі нақтыланды

272 рет
көрсетілді

Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Онда 2006 жылғы 15 тамыздағы Ресей мен Қазақстан аумағында орналасқан қос мемлекеттің теміржол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресімдеу тәртібі туралы үкіметаралық келі­сімдерге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы талқыға салынбақ. 2012 жылы Павлодарда жасал­ған хаттама арқылы бұрын­ғы келісімге жүктерді тасы­малдау кезін­де келісілген тариф­тік саясатты жүргізуге және тариф­терді есептеуді екіұдай тү­сіну­ге жол бермейтін өзгерістер енгі­зілмек. Сонымен қатар, жалпы оты­рыста Мәжіліс Сауд Арабиясы Корольдігімен табысқа салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы үкіметаралық кон­венцияны және оған Хат­тама­ны, сонымен қатар, Ресей­мен «Байқоңыр» ғарыш айла­ғы­нан ұшыру кезінде зымыран ұшырғыштардан бөлінетін бөлік­тердің құлау ауданы ретінде Қазақстан аумағындағы жер учас­кесін беру және пайдалану шарт­тары туралы үкіметаралық келі­сімді ратификациялауға қаты­с­ты заң жобалары жұмысқа қабыл­да­на­ды деп күтілуде. Бюро отырысында алтыншы сайланған Парламент Мәжілісі мен шетел парламенттері арасындағы ынтымақтастық жөніндегі топ­тардың құрамы және палата деле­гацияларының халықаралық парламенттік ұйымдар мен парла­мен­таралық бірлестіктердегі құра­мы мәселелері де назардан тыс қал­ған жоқ.