• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Әйелдер миссиясының мақсаты айқын

341 рет
көрсетілді

Құрметті Отандастар! Әйел­дер, аналар, әпкелер мен сіңлілер, қыздар! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі – бұл жай ғана әлемдік ауқымда­ғы жоспар ғана емес, бұл жаһан­дық қауіпсіздікті нығайтуға қосылған баға жеткізгісіз үлес. Манифест бүкіл әлемдегі миллиондаған адамды өткен ғасырлардағы қасіретті қате­ліктерді қайталауға жол бермес үшін және әлемді соғыс қатерінен мәңгіге аластау үшін күш біріктіруге шақырады. Біздерге, Қазақстанның әйел­деріне Нұрсұлтан Әбішұлы манифесте айтқан идеялар ерекше жақын және қымбат. Ел Президенті балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға шақырды. Біз өздеріміздің ой-ниет­терімізді Жердегі Бейбітшілік пен Ізгілік жолында біріктіруге шақырумен қайырыламыз! Жаһандық әлемде біздің барлығымыз ортақ үйіміз – Жер планетасы, оның бүгінгі тұрақтылығы мен жарқын болашағы үшін жауаптымыз. Осы Үйдегі бейбітшілік пен келісім, тәртіп пен игілік әр­қайсымызға, біздің ой-ниетіміздің қаншалықты таза, ізгілікті, іс-әрекеттеріміздің қаншалықты лайықты екеніне байланысты. Бүгінде біздің бәріміз, Жер планетасының тұрғындары, бір­тұтас отбасы ретінде Жаңа уақыт­та – жаңа ғасырда, жаңа мың­­жыл­дықта өмір сүріп жатырмыз. Осы мыңжылдық әрі қа­рай қай бағытта дамиды? Бұл сұрақ барша адамзат баласын толғандырады. Әсіресе, біз­дерді, әйелдер қауымын қатты алаңдатады. Нақ біздер, әйелдер тұрақты бүгінгі күн мен орнықты бола­шақты қамтамасыз етуде негізгі күш болып табыламыз. Нақ біздер, әйелдер өздеріміздің қоғамымыз бен мемлекетімізді өңірлік және жаһандық бейбіт­шілікке бастап әкелуге тиіспіз. Бүгінгі біздің басты қасиетті миссиямыз – балаларымыз бен немерелеріміз қуаныш пен игілікте, өздерімен өздері және әлеммен келісімде өмір сүрулері үшін жас ұрпақты дұрыс жолға салу. Біз өз баларымыздың бүгіні мен ертеңін бақытты етуге тиіс­піз және солай жасай аламыз! Біз Қазақстан Республикасы Президентінің Бейбітшілік манифесін қос қолдап қол­даймыз! Зағипа БАЛИЕВА, Парламент Мәжілісінің депутаты – Қазақстан Республикасындағы Бала құқы жөніндегі уәкілетті өкіл