• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Әділет департаментінің басшысы пара алу үстінде қолға түсті

390 рет
көрсетілді

Астанада қалалық әділет департа­менті бастығының міндетін атқарушы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бейсенбі күні жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының хабарлауынша, мұны ол нотариалдық қызмет жасауға рұқсат беру барысында алған. Хабарламада қалалық әділет депар­таменті бастығының міндетін атқарушы А.Рақышевтің департамент бөлім басшысы М.Құсайыновпен және қала нотариалдық палатасының төрағасы Ж. Арыстановпен қылмыстық келісімге келе отырып, жеке тұлғаға нотариалдық іс-әрекетті жүзеге асыруға рұқсат ететін лицензия беру үшін одан 8 мың доллар пара алғаны атап көрсетілген. Қазіргі таңда аталған шенеунік уақытша ұстау оқшаулағышында отыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Мұрат АЙТҚОЖА