• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Қазақ салтымен қыз ұзату

1410 рет
көрсетілді

өзге ұлт өкілдері тойының сәні болды Ақтөбе қаласындағы «Аналар үйінде» қыз ұзату тойы өтті. Осы үйдің 18 жас­тағы Евгения Арсеньева есімді қызы тұрмысқа шығып, ұзатылды. Тойдың өзін «Аналар үйінің» директоры Таңсұлу Лақова ұйымдастырды. Бұл үйден талай қыз ұзатылып, тұрмысқа шыққан. Ал осы жолғы тойдың бір ерекшелігі, жаңа өмірге аяқ басқан жастар өзге ұлт өкілдері болғанымен, құда түсу, келін алу рәсімі қазақы салт-дәстүр­мен өтті. Евгения Арсеньева «Аналар үйінде» 8 айдан бері тұрып келіпті. Оның Данил есімді 3 айлық ұлы бар. Осы уақытта Евгения болашақ жары Михаил Масловпен кездесіп, екеуі бір-біріне ғашық болыпты. Күйеу жігіт Евгенияны бір көргеннен ұнатыпты. Кейін Михаил Евгениямен жиі кездескен сайын ғашық болғанын жасырмайды. «Женя маған бірден ұнады. Ұнаған адамды ұмыту оңай ма, екеуміз жиі кездесетін болдық. Сөйтіп, ғашық болып қалдым. Ол маған баласының бар екенін айтты. Бірақ мен оған көз жұма қарадым. Ең бастысы, екеуміздің махаббатымыз маңызды. Ал бала біздің болашағымыз. Оны туған ұлым­дай тәрбиелеймін», – дейді Михаил. Женя болса, Данилден басқа да бала сүйгісі келетінін айтады. «Мен Михаилге адал жар, балаларымыздың сүйікті анасы боламын. Маған одан басқа бақыт жоқ», – дейді. Қазір ерлі-зайыптылар болашаққа жоспарларын құрып қойған. Михаил Ақтөбенің  шетінен жер алып, үй салуды мақсат етіп отыр. «Аналар үйінің» директоры Таңсұлу Лақованың айтуынша, жас отбасы әзірге үй жалдап тұрады. Кейін Михаил жер алып, үй салып жатса, сонда көшеді. Ал жалпы, Таңсұлу Лақова «Аналар үйінен» өз теңін тауып, тұрмыс құрып жатқан қыздар көп», – дейді. «Аналар үйі» ашылғаннан бері осы жерде 10 той болыпты.  Ал қазір мұнда 13 жас ана сәбилерімен тұрып жатыр. Бәрі де тұрмыс құруды мақсат етіп отыр. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»