• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Перуде 4,5 мың жыл бұрын жерленген адам табылды

377 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 сәуір. Перудің көне қалаларының бірі Асперо қаласында қазба жұмыстары кезінде 4,5 мың жыл бұрын жерленген әйел адам табылды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ғалымдардың болжамы бойынша, ол 45-50 жас аралығында қайтыс болған. Сонымен қатар, әлеуметтік мәртебесі жоғары болғанын да мәлімдеді. Себебі, қазба жұмыстары кезінде тотемдік құстар мен жануарлар бейнеленген әшекейлері, жеке гигиеналық заттары және жиһазы табылған. Археологтар бұл жәдігерлер сол тұста өмір сүрген халықтың тарихы жайлы көбірек ақпарат алуға септігін тигізеді деп есептейді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.