• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Уругвайда табиғат апатынан 12 мыңнан астам адам зардап шекті

296 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 сәуір. Урувайда табиғат апатынан 12 мыңнан астам адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Торнадо мен нөсер жаңбырдың салдарынан мемлекеттің 18 департаментіне үлкен шығын келді. Осыған байланысты Дурасно аймағында 3359 адам, Пайсандуда 2025 адам, Колонияда 1650 адам және Сан-Хоседе 1250 адам өз үйлерін тастап, қауіпсіз жаққа көшірілді. Қолайсыз ауа райынан 9 адам қаза тапты. Оның бесеуі 15 сәуір күні елдің оңтүстік-батысындағы Долорес департаментінде болған жойқын торнадодан кейін мерт болған, 200-ден астам тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Қалған төрт адам тасқын судың құрбаны болды. Сонымен қатар, жүздеген ғимаратқа зақым келді. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: ТАСС.