• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
23 Сәуір, 2016

Ғ.Мүсірепов театры Түркияда спектакль қояды (фото)

759 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 23 сәуір. Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры 20-30 сәуір аралығында Түркияның Конья қаласында болатын «Мың тыныс – бір дауыс» атты халықаралық театрлар фестиваліне қатысады. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Түркиядан бөлек, Әзербайжан, Молдавия, Болгария, Македония, Кипр, Грузия, Қытай мемлекеттерінің өнер ордалары қатысатын жарысқа Қазақстан атынан аталған театр ұжымы жолдама алған болатын. Осымен тоғызыншы мәрте ұйымдастырылып отырған бұл фестивальге театр ұжымы Георгий Хугаевтың «Қара шекпен» қойылымын дайындаған. Қазақ көрермендерінің де қошеметіне бөленіп жүрген спектакльдің қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Маемиров. Түркияда Данияр Базарқұлов, Әсет Есжан, Еділ Рамазанов, Жанар Мақашева, Сәния Ерзат, Дархан Сүлейменов, Ерлан Кәрібаев, Гүлбахрам Байбосынова, Ербол Садырбаев, Ербол Ыдырысов, Гаухар Сағынғалиева, Толқын Нұрбекова, Қуаныш Тұрдалин, Мөлдір Қонысқызы, Динара Шымырбаева, Елдар Отарбаев сынды қазақ актерлері өз өнерлерін көрсетеді. «Қара шекпен» спектаклі 26 сәуір күніТүркияда көрермендер назарына ұсынылады. Айнаш Есали. Дерек фото: Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының баспасөз қызметі.