• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2016

Аптап ыстықтан 200 адам көз жұмды

416 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 сәуір. Үндістанда соңғы екі апта ішінде болған аптап ыстықтан 200 адам көз жұмды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Осыған дейін 150 адамның қайтыс болғаны туралы ақпарат тараған. Олардың жартысына жуығы Андхра-Прадеш пен Теленган штаттарының тұрғындары. Мәлімет бойынша, бұл маңайда ауа температурасы 47 градусқа дейін көтерілген. Үндістанның денсаулық сақтау министрлігі ауыз су тапшылығының салдарынан 330 миллион адамның өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді. Айта кетейік, бұл мемлекетте ең ыстық уақыт сәуір мен маусым айларының аралығы болып есептеледі. Өткен жылы аптап ыстықтың салдарынан 2,5 мыңнан астам адам бақилық болған. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.