• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2016

Футболдан екінші лигасының ойындары басталады

303 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 сәуір. Бүгін футболдан Қазақстан чемпионаты екінші лигасының ойындары басталады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Биылғы маусымға 14 команда қатысады. Олардың барлығы премьер-лигада ойнайтын клубтардың 21 жасқа дейінгі ізбасарларынан құралған командалары. Матчтар жеті қалада өтеді. Кездесулер «Атырау-U21» – «Оқжетпес-U21», «Жетісу-U21» – «Рузаевка», «Тараз-U21» – «Тобол-U21», «Ордабасы-U21» – Олимпиадалық резервтегі №7 балалар және жасөспірімдердің спорт мектебі, «Ақжайық-U21» – «Астана-U21», «Ертіс-U21» – «Шахтер-U21», «Қайрат-U21» – «Оқжетпес -U21» командаларының арасында болады. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: egemen.kz