• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2016

Эквадорда сегіз тәулік қаралы күн болып жарияланды

344 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 сәуір. Эквадорда өткен жексенбіде магнитудасы 7,8 балдық жер сілкінісі салдарынан қаза тапқандарды аза тұтып, сегіз тәулік қаралы күн жарияланды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Эквадор президенті Рафаэль Корреа зілзаладан қаза тапқандарды аза тұту үшін қаралық күн жариялады. Ол: «Бұл – ұлт трагедиясы. Жақындарынан айырылғандар үшін таяу сағаттарда сегіз күндік қаралы күн енгізу туралы жарлыққа қол қоямын», – деді. Соңғы деректер бойынша қаза тапқандар саны 646 жетіп, хабар-ошарсыз кеткендер 130 болды. Жер асты дүмпуі салдарынан 7 мыңға жуық үй қирап, 2 мың 740 адам зардап шекті. Корреа қаза тапқандардың ішінде Канада, Колумбия, Британия мемлекеттерінің азаматтары бар екенін атап өтті. Бұл соңғы 37 жылдағы ірі жер сілкінісі. Эквадордың алты провинциясында төтенше жағдай режімі жарияланды. Еуропалық одақ шұғыл гуманитарлық көмек ретінде 1 млн. доллар бөлді. Талғат Райымбек. Дерек: inform.kz. Фото: 24.kz.