• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
24 Сәуір, 2016

Шымкентте төбелеске қатысатын ит зейнеткер әйелді талап өлтірді

339 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 сәуір. Шымкент қаласының тұрғынын төбелеске қатыстырылатын ит талап өлтірді. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Шымкент қаласында орын алған. 64 жастағы Надежда Чумихина есімді әйелді көршісінің иті талаған. Куәгерлердің айтуынша, әйел қоршалмаған үйінің ауласына шыққан кезде, көрші үйдің иті оған қарай секіріп, тістелей бастаған. Ал марқұмның күйеуі: «Әйелімнің оң жақ денесінің бөлігі мен бетіне зақым келген. Ол оқиға орынында қайтыс болды», – дейді. Қазіргі таңда үй жануарын полицейлер қарауына алған. Жәбірленуші тарап оның иелерін кешіргенін айтты. Шымкент қалалық полициясы Еңбекші бөлімінің қызметкерлері осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеудің өткізіліп жатқанын мәлімдеді. Талғат Райымбек. Дерек, фото: 24.kz.