• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2016

Самара облысында бір отбасы қылмыскерлердің қолынан қаза тапты

208 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 сәуір. Ресейдің Самара облысы, Сызрань ауданында белгісіз біреулер тұтас бір отбасын қырып салды. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, қылмыскерлер полиция полковнигінің үйіне қарақшылық шабуыл жасап, тұтас бір отбасын қырып кеткен. Тек 7 жасар қыз бала ғана аман қалған. Ол қазір жергілікті аурухананың жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер жәбірленушінің жағдайы ауыр деп бағалауда. Тәртіп сақшылары қылмыскерлердің қолынан 6 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Олар үш ер және үш әйел адам. Қазіргі таңда оқиғаға байланысты тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде. Жаппай өлтіру фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Талғат Райымбек. Дерек, фото: 24.kz.