• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2016

Үндістанда 5 жасар қыз бен 11 жастағы баланың үйлену тойы өтті

434 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 сәуір. Үндістандағы индуистік фестивалінде 5 жасар қыз бен 11 жастағы баланың үйлену тойы өтті. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, неке қию рәсімі Раджастан штатында болған. Ал куәгерлер үйлену тойын видеоға түсіріп, желіге салған. Қазіргі таңда полицейлер балаларын үйленуге мәжбүрлеген отбасы мүшелеріне қарсы бірнеше қылмыстық іс қозғады. Алайда, олардың барлығы құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүр. Талғат Райымбек. Дерек: inform.kz. Фото: ttolk.ru.