АСТАНА. 25 сәуір. Астанада мемлекеттік қызметкерлер жатаханасындағы қоқыс жәшігінің қасынан жаңа туған нәресте табылды. Бұл туралы NewTimes.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, нәресте 22 сәуір күні сағат шамамен 22:00-де мемлекеттік қызметкерлер жатақханасының қоқыс жәшігі маңынан табылған. Дер кезінде полиция шақырылып, сәби жедел жәрдемнің көмегімен №1 перинатальді орталыққа жеткізілген.
Аталған орталықтың дәрігерлері бұл ақпаратты растады. Сондай-ақ, олар нәресте қазір жансақтау бөліміне жатқызылғанын айтты. Әзірге оның жағдайы туралы нақты мәлімет жоқ.
Талғат Райымбек.
Дерек: NewTimes.kz.
Фото: egemen.kz.