• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2016

Қарағандыда «Қазақстан барысында» күресетін палуандар анықталды

283 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 25 сәуір. Қарағандыдағы «Жастар» спорт сарайында Қазақстан Президентінің жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтті. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Сарыарқа барысының» сынына облыстың 171 балуаны қатысып, күш сынады. Жарыс қорытындысында, аса ауыр салмақта бас жүлдені белгілі палуан, 2014 жылғы «Қазақстан барысының» күміс жүлдегері Асыл Бәрменов жеңіп алды. Ол финалдық белдесуде Бекзат Ахметбековтен басым түсті. Сонымен биылғы жылдың «Қазақстан барысына» Қарағандыдан Асыл Бәрменов пен Бекзат Ахметбеков қатысатын болады. Еске салар болсақ, егер Рио-216 олимпиадасының лицензиясына қажетті ұпай санын жинап үлгерсе, қарағандылық бұл палуандардың қатарына дзюдодан ұлттық құраманың мүшесі Ержан Шынкеев те қосылуы мүмкін. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.