• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2016

Қарқаралыда полиция қызметкері оқ атуға мәжбүр болды

300 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 25 сәуір. Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында болған кикілжіңде оқ атылып, бір адам қаза тапты. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Қарқаралы қаласындағы «Тамаша» рестораны маңында болған. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, алкогольді ішімдік ішкен бір топ адам жол-патрульдік полициясының автокөлігін тоқтатып, тәртіп сақшыларын балағаттаған. Олар осыдан біраз бұрын полиция қызметкерінің мас күйінде машина жүргізген біреуінің куәлігін алып қойғанын еске салып, кінә артқан. Бұнымен де қоймай, олар тәртіп сақшыларына күш көрсетіпті. Оқиға ушығып бара жатқан соң, полиция қызметкерлері аспанға және жерге қарата ескерту оғын атқан. «Сол кезде жерге тиген оқ тойтарылып барып, 28 жастағы жігіттің ішіне тиген», деген жорамал айтылуда. Жарақаттың салдарынан ол ауруханада қайтыс болды. Ал осы оқиғаға қатысы бар күдіктілер полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта прокуратура органдары қару қолданған полиция қызметкерінің әрекеті қаншалықты заңға сәйкес келетінін тексеру үстінде. Сонымен қатар, Қарағанды ішкі істер департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметі қызметтік тексеру жүргізуде. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Фото: halyknews.kz.