• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2016

Арнайы операция кезінде 800 содырдың көзі жойылды

264 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 сәуір. Йеменнің оңтүстігінде «Аль-Каида» ұйымының содырларына қарсы арнайы операция кезінде 800 содырдың көзі жойылды. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәліметтер бойынша қаза тапқандардың ішінде аталған топтың жетекшілері де бар. Осыған дейін үкімет әскері мемлекеттің оңтүстік аймағындағы Эль-Мукалла қаласын экстремистерден босатып, өз қарамағына алғаны жөнінде ақпарат тараған. Йеменде әскерилер мен ИГИЛ және «Аль-Каида» содырлары арасында қақтығыстар жиі орын алып тұрады. Аян Әбдуәли. Дерек: РИА «Новости». Фото: 24.kz.