• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2016

Оңтүстікте кәсіпкерлер палатасына 224 адам шағымданған

290 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 25 сәуір. Облыстық кәсіпкерлер палатасына соңғы үш айда 224 кәсіпкер шағым түсірген. Бұл туралы еgemen.кz тілшісі хабарлады. Оларды жер мәселесі мен мемлекеттік сатып алу кезіндегі заңсыздықтар көбірек мазалайды екен. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңесте осы мәселе жиі көтерілді. «Конкурс ұйымдастырушылар тікелей жүйелі түрде заңбұзушылыққа жол беріп жатқанына көз жеткізіп отырмыз. Бұл тараптан тікелей балдары 5 жылдан 10 жылға өсіп кетеді. Қажеті жоқ кезде 10 жылдан 0 балға түсіп кетеді. Тәжірибесі жоқ деп. Бұл жерде бір компанияның құқықбұзушылығы емес, жүйелі түрде құқықбұзушылық орын алып отыр», дейді облыстық жолаушылар және құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Әбілсейіт Рабаев. Сөз сұрағандардың талап-тілектерін ескерген кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесі келер жылғы отырысқа дейін біраз заңсыздықтарды зерттеп, қорытынды шығаратындықтарын айтты. Бақтияр Тайжан. Дерек, фото: egemen.kz