ШЫМКЕНТ. 25 сәуір. Төле би ауданында қазақ, орыс және ағылшын жетік меңгерген оқушылар көбейіп келеді. Бұл туралы еgemen.кz тілшісі хабарлады.
«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында «Болашақ кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру, білім секторының экспорттық әлеуетін көтеру, озық технологияларды енгізу – бүгінгі уақыт талабы» делінген.
Александра Шматдинова Леңгірдегі №5 мектеп-гимназиясында ағылшын тілінен дәріс береді. Тілдер академиясын тәмәмдаған орыс қызы үш тілді жетік меңгерген. Оқуды бітірген соң жұмыс іздеп, көп қиналған жоқ. Өйткені, оның мамандығына сұраныс жоғары.
«Үш тіл білген адамның өрісі кең. Ал, ағылшын тілін білу дүние жүзінің қай түкпіріне барсаңызда кәдеңізге жарайды. Қаласаңыз жұмыс та тауып аласыз», дейді Александра.
Елбасының үш тұғырлы тіл бағдарламасына байланысты тапсырмасы өңірде осылай орындалып жатыр.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz