• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
25 Сәуір, 2016

Террорлық шабуылдан 20 адам зардап шекті

245 рет
көрсетілді

АСТАНА. 25 сәуір. Сирияның Дамаск қаласына таяу маңайда лаңкестердің шабуылынан 5 адам қаза тауып, 20 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Полиция қызметкерлері елдің оңтүстігіндегі Ас-Сейида Зейнаб ауданында жарылғыш зат орнатылған көліктің жарылғанын мәлімдеді. Осыған дейін Al-Wasat ақпарат порталы 8 адамның опат болып, 4 адамның зардап шеккенін хабарлаған. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүріп жатыр. Лаңкестік әрекетті қай топтың жасағаны белгісіз. Әзірге бұл істі ешбір топ өз мойнына алған жоқ. Алайда, алдын ала болжам бойынша ДАИШ экстремистері болуы мүмкін. Айта кетейік, осы айдың басында аталған топтың содырлары Дамаск қаласындағы «Бадиа исминт» цемент зауытына баса-көктеп кіріп, 340 қызметкерді тұтқынға алған. Көп ұзамай 100 адамның аман-есен құтылып, қалғандарының қаза тапқаны белгілі болды. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Фото: ria.ru.