• RUB:
    5.14
  • USD:
    480.11
  • EUR:
    532.25
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2016

«Жұлдыздар тоғысқанда»

706 рет
көрсетілді

Ел экрандарында Елбасы туралы фильм көрсетіледі Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі бойынша түсірілім тобының қатысуымен баспасөз конференциясы болып өтті. Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай түсірілген. Кинотуынды әлем тарихын­дағы ең қиын кезең – Кеңес Ода­ғының құлауы, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы, оның ішінде Қазақстан Рес­публикасы туралы баяндайды. Фильм 1984-1991 жылдар ара­лығын қамтиды. Аталмыш көркем фильм ел тари­хындағы елеулі оқиғаларға зер салып, Қазақстан Республикасы­ның Тұң­ғыш Президенті – Елбасының қоғам өмірінің бар саласында ат­қарған рөлін, сондай-ақ, Мем­лекет басшысының дү­ние­­жүзілік ауқымда ынты­мақ­тастықты арт­тырудағы айрық­ша қызметін саралайды. – «Елбасы жолы» кино­туын­дысының табысты болуының басты себебінің бірі – оның Президент Н.Ә.Назарбаевтың шынайы өмір­баянының негізінде түсірілуі. «Елбасы жолы» туындысы қай ке­зеңде де өзек­тілігін жоймақ емес, өйткені, бұл шығармада Нұрсұлтан Әбішұлының жеке үлгісінде алдына қойған мақсаттарына жете білген және шын мәнінде, еңбек адамы­ның азаматтық қызмет жолы көрсетілген», – деп атап өтті министр А. Мұхамедиұлы. Оның сөзінше, фильм тү­сі­ріліміне Қазақстан мен Ресейдің ең мықты кинема­тографистерінің шығарма­шылық тобы тартылды. Түсірілім Қазақстан және Ре­­сей аумағында төрт ай бойы жүргізілді. Фильм режиссеры және сце­нарийінің авторы – Ресей халық әртісі, Ресей Федерациясы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты – Сергей Олегович Снежкин. «Жұлдыздар тоғысқанда»  көр­кем фильмі әлемдік тарих­тағы ең күрделі уақыт – Кеңес Одағының ыдырауы және Тәуел­сіз Қазақстанның пайда болуын көрсетеді. Кинотуынды ел тарихындағы ең жарқын оқиғаларға сараптама ұсынып,  Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік құрылымның түрлі салаларын рефор­малаудағы рөлін баяндайды. Басты рөлді қазақстандық танымал актер Берік Айтжанов сомдады. Сондай-ақ, фильмге Алтынай Нөгербек, Алдабек Шал­баев, Азамат Сатыбалды, Ғани Құлжанов, Еркебұлан Дайыров, Жанел Мақажанова, Динара Бақтыбаева, Қарлығаш Мұхамеджанова және басқалар түсті. Басқа да кейіпкерлердің бейнесін Игорь Угольников, Сергей Гармаш, Дарья Мороз, Алексей Гуськов, Хью Фрейзер, Ричард Кордери, Стивен Пейси сияқты ресейлік және шетелдік актерлер сомдады. «Жұлдыздар тоғысқанда» филь­мі 2016 жылдың 28 сәуірінен бастап жалпыұлттық прокатқа шы­ғады, еліміздің барлық кино­театр­ла­рында көрсетілетін болады. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»