• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2016

«Астана-Балет» Алатауға бет алды

301 рет
көрсетілді

«Астана-Балет» театры» үш күнге жалғасатын гастролі аясында алматылықтар үшін, балет ғаламатын паш етпек. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының сахнасында мамыр айының төрті мен алтысы аралығында көрермен қауым жас ұжымның тың туынды­ларын тамашалай алады. «Бірінші күні «Би ғалама­ты» бағдарламасы ұсыныл­мақ. Оның бірінші бөлімінде «Әлем», екінші бөлімінде – 2016 жылдың 12 ақпанында премь­­ерасы өткен «Gaia» балетінен  үзінді көрсетілмек. Аталған қойылымдарды тамашалай отырып, көрермен қауым біздің ұжымның шығармашылық жолын да көз алдарына елес­тете алады. Екінші күні «Бір актілі балеттер кеші» өтеді. Кө­рермен назарына «GAIA» мен «Кармен» балеттері жол тартпақ. «Кармен» балетін 2015 жылы «Астана-Балет» театр­ының» Санкт-Петербургте өткен гастролі аясында «Аппақ түн жұлдыздары» фестивалінде жұртшылық зор ықыласпен қабылдаған болатын. Танымал хореограф Борис Эйфман, сонымен қатар, петерборлық сыншылар қауымы спектакльді жоғары бағалап, жақсы пікір білдірген еді. Гастрольдің соңғы күні ал­матылықтар «Астана-Балет GALA» бағдарламасын тамашалай алады. Бағдарламаға енген билерден Ұлы дала самалы есіп, Таяу Шығыс сарындары танылады. Бұл бидің көпшілігіне Еуропа мен Америка жұртшылығы тәнті болған еді», – деді «Астана-Балет» театрының директоры Валерий Күзембаев. «Астана-Балеттің» ғаламат гас­тролі талғампаз қауымды елең еткізбей қоймас. Балетсүйер қа­уым бишілердің жаңа буынын жылы ықыласпен қабылдап, осы гастроль Алматының мәдени тынысына тың серпін әкелер деген үміттеміз», – деді ол. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан»