• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Сәуір, 2016

Тәуелсіздікке тарту

334 рет
көрсетілді

Таяуда «Жастар» театрында Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қаласы бойынша хатшылығы, елорданың Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған XVII қалалық «Достық. Бірлік. Тәуелсіздік» атты тақырыпта Қазақстан халқы достығының фестивалі болып өтті. Іс-шараның көздеген мақсаты – ана тіліндегі еркін шығармашылыққа жағдай жасау, төл мәдениетке, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпқа деген сүйіспеншілікке баулу, оған құрмет көрсету, мәдени жетістіктерді сақтап, көбейту болып табылады. Фестивальға Астана қаласының этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары қатысып, шара аясында түрлі жанрдағы көркемдік нөмірлерді көпшілік назарына ұсынды. Сондай-ақ, бейнелеу өнері, графика мен қолөнер туындыларының көрмесі ұйымдастырылды. Концерттік бағдарлама барысында «Радима» белорус, «Ватра» украин, «Таң» татар-башқұрт, «Парвиз» тәжік, «Ван» армян, «Хазар» әзербайжан, «Алеф» еврей мәдени-ағарту орталықтарымен қоса, «Барбанг» күрдтер қауым­дастығы» РҚБ Астана қалалық филиалы, Қазақстандағы ұйғыр­лардың республикалық мәдени орталығының Астанадағы фи­лиалы, Астанадағы Орыс қауымы мә­дени бірлестігі, «Вайнах» чешен-ингуш ЭМБ, «Поляки» ҚБ, «Злата» болгар, «Беларусь» мәдени бірлестігі, өзбек этномәдени бірлестігі, «Қырғызстан-Астана» ҚБ, Возрождение» неміс, «Оберег» украин қоғамы, «Лад» республикалық славян қозғалысының филиалы, Астана қаласы корейлерінің этномәдени бірлестігі, «Дала өлкесі казактарының одағы» РҚБ Алматы аудандық филиалдары қатысып, өз өнерлерін паш етті. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»