ШЫМКЕНТ. 26 сәуір. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев қаланы қоғамдық автокөлікпен аралап, тұрғындармен кездесті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Халықпен тілдесу-қаладағы күрмеулі мәселелерді шешуге септеседі. Көп үйлер ескірген, жөндеу қажет етеді. Халықтың базынасы сол.
Қала басшысы қалалық ТҮКШ және АЖ бөлімінің басшысына қаладағы барлық балалар ойын алаңшасын жөнге келтіріп, көше жолдары мен көше атаулары жазылған белгілерді реттеуді тапсырды. «Жасыл Кентау», «Тазалық Кентау» мекемелеріне жұмыстарын ширатуды тапсырды. Қала әкімінің бақылауында болатындығын ескертті.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz