• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2016

Жаңа пойыз жолға шықты

290 рет
көрсетілді

Арқалық – Шұбар­көл бағытында жаңа пойыз өзінің ал­ғаш­қы сапарын бастады. Ол күніне 4 рет Шұбаркөл стансасымен аралықта қатынайтын болады. Пойыз қаладан таңғы сағат 07.00-де шығып, 11.17-де діттеген бекетіне жетеді. Ал Шұбаркөлден Арқалыққа 13.30-да бет алып, қалаға сағат 17.48-де келеді. Көлік жол бойы төрт стансаға аялдайды. Арқалықтан Жалғызтал стансасына дейін билеттің бағасы – 149 теңге, Терісаққанға 242 теңге болса, Майбұлаққа  – 429 теңге, Нұрдалаға  – 605 теңге, Железнодорожный разъезіне – 677 теңге, Шұбаркөлге дейін – 781 теңге. Пойыз Жалғызталға сағат 07.35-те, Терісаққанға 08.12-де, Майбұлаққа сағат 09.12 ми­­нут кеткенде барады. Сол сияқ­ты, Нұрдалаға 10.06-да, Железнодорожный разъезіне 10.41-де, Шұбаркөлге сағат 11.17 ми­нут өткенде жетеді. Жолау­шылар пойызы стансаларда 5 минут аялдайды. Арқалық пен Шұбаркөлдің арасы – 214 шақырым. Осы аралықта пойыз 4,5 сағат жүреді. Бұл теміржолдың тұсауын Елбасы Н. Назарбаев 2014 жылы Жезқазғанда телекөпір барысында кескен болатын. Сол кезде Мемлекет басшысы жаңа са­лына бастаған Жезқазған – Бейнеу мен Арқалық – Шұбаркөл теміржолдары тек осы өңірдің ғана емес, барша еліміздің эко­номикасының дамуына ықпал ететінін айтқан. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»