• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2016

Ұрпаққа аманат

885 рет
көрсетілді

Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт

«Мәңгілік Елге» апаратын басты құндылықтар, міне, осылар

Елбасының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІV сессия­сы қорытындысы бойынша «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттар акті­сін жариялауы біртектілік пен бір­лік жөніндегі жүргізіліп келген жұмыс­тардың жақсы жемісі деп санаймыз. «Осы маңызды құжаттың көп­тен бері дайындалып, дәл биыл­ғы мейірлі жылда қабыл­дануы айрықша маңызға ие. «Надан халық бір жылын, ақылды халық І ғасырын, дана халық мәңгілік бола­шағын ойлайды», деген сөз бар. Біз бұл жолда мәңгілік бола­ша­ғын ойлайтын дана халық бола­йық. Патриоттық акті – хал­қы­мыз­дың бүгінгі өміріне де, бола­шағына да тікелей ықпал ететін маңызды құндылықтардың жиын­тығы. Құжаттың әрбір тармағы халқымыздың жүрегінен берік орын аларына сенемін», деді Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында. Қазақстанда ешкім бөтен емес. Қиын-қыстау заманда Қа­зақ­­станға жер аударылып, қазақ халқының аялы алақаны­ның ыстық табын сезінген, мейі­рімі­нен қуат ал­ған, тар кезде иығын тіреген, түр­лі зұл­маттардан аман қалған ұлт­тар мен ұлыстардың бүгінгі ұр­пағы мұны анық сезі­неді. Өзін Қазақ­стан­нан, қазақ халқынан бөле алмайды. Кеше ғана өзіміздің сары ұлы­мыз Геннадий Головкин Аме­рикада өзінің 35-ші кездесуін өткі­зіп, 18 рет рингке шығып соның 12-інде қарсыласын нокаут­қа жыққан Доминик Уэйдті екінші раундта-ақ сұлатып тастады. Дүниежүзіндегі ең мықты сана­латын елде жүрсе де жатты­ғу залы­ның қақ төріне қазақ бай­рағын іліп қоятын, шаршы алаң­дағы шайқасқа қазақы ою-өрнекті шапанын жамылып шыға­тын Геннадий өзін қазақпын дейді. Әлем халқы да оны қазақ деп қабылдайды. Олимпиада ойын­дарынан бастап Әлем, Азия чемпионаттарында бірде-бір рет жеңілме­ген, Елбасының туған інісін­дей болып кеткен Илья Ильин де Қазақ­станнан бас­қа тарихи Отан барын ойламай­ды. Өйт­кені, олардың бәрі біздің бауырларымыз, Тәуелсіз Қазақ­станның қаһарман­дары. Мәң­гілік Елдің мақтаныш­тары. «Сондықтан еліміздегі басқа ағайынымызды, біздің басқа азаматтарымызды осыған бау­лу үшін, түсіндіру үшін бар­лығымыз жұмыла жұмыс жасауымыз керек. Патриоттық акті –  Тәуелсіз Қазақстанның негі­зін қалаған буынның кейінгі ұр­паққа аманаты. Әр адамның жүрегінен орын алатын нәрсе. Он­дағы құнды­лықтарды мәңгі қастерлеп, дамыта білсек – Мәң­гілік Ел болу деген осы. Әрбір қазақстандықтың санасына осыны сіңіру – біздің парызымыз. Мәңгілік Елдің мыз­ғымас құн­дылықтарын, бір­лікті бәрінен биік қоятын бір­тұтас ел ғана жүзеге асыра алады. Біз осындай болашағы біртұтас елді жасайық деп отырмыз», деді Елбасы. Қазақстанның талайлы тағды­ры осындай тұтастыққа алып кел­ді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назар­­баевтың Қазақстан халқы Ассам­блеясын құру арқылы бір­тек­­тілік пен татулықты, бей­біт­ші­лік­ті орнықтыруы, ұлт­тық құн­­­­дылық­тарға ұластыруы бүгін­­­дері дү­ние­­­жүзіндегі барша мем­лекет­­тер бас­шыларына үлгі болып отыр. Оңалбай АЯШЕВ, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, педагогика ғылым­дары­ның докторы, профессор, облыстық мәслихаттың депутаты Шымкент

Тілегіміз де, тірегіміз де бір

Қазақстан – барша ұлттар мен ұлыс­тарды бауырына басқан көпұлт­ты мемлекет. Қазақ жұр­ты әр­түрлі тағдыр жолымен кең да­ла­сына келген өзге ұлт өкіл­­дерін өзекке тепкен жоқ, бары­мен бө­ліс­ті, қиын-қыстау күндер­ді бір­ге өткеріп, жарқын келешек­ке бір­ге ұмтылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы тарихи сабақ­тас­тық­пен қалыптасқан келісім мен татулықтың жаңа моделін құр­ған қажырлы қайраткер, сарабдал сая­саткер. Бұл қасиеттер Прези­денті­міз­дің парасаты мен пайымын да әй­гілеп тұр. Елбасы биылғы Қазақ­с­тан халқы Ассамблеясының сес­сия­сында сөйлеген сөзінде осы сара жол­дың одан әрі нығая бере­ті­­нін айтты. Өйткені, Елбасы атап көр­­сеткендей, бұл жол – барша қа­зақ­­­стан­дықтардың қалауы, тіле­гі әрі ті­­регі. Сондықтан, біз осы бір­лі­гі­­­міз бен ынтымағымызды сақ­тау­ға әр­­қашан мүдделіміз. Өйткені, бей­біт ел­дің түтіні түзу ұшады, бала­ла­­ры еркін ойнай­ды, алаңсыз білім ала­­­ды. Азамат­тары елді дамы­ту­ға, от­­­ба­­­сын ауқат­тандыруға еңбек етеді. Президенттің бастамасымен қа­был­данған Ұлт Жоспары мемле­кетіміздің басқару аппаратында елеулі жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Осы орайда, мемлекеттік қызмет құрылымдарында басқа ұлт өкілдерінің болуы да қуантады. Бұл Қазақстан заңнамасының баршаға бірдей, азаматтардың тең құқықты екенін көрсетеді. Елбасы өз сөзінде елімізде кәсіп­керлікті өрістетуге кең жол ашыл­ғанын айтты. Және бұл бағыт­та жасалған қолдаулардың тиім­ді нәтижеге бастағанын атап өтті. Шын мәнінде, адамды еңбек көр­кейтеді. Мұны өз тәжірибемнен де айта аламын. Мен әлдеқашан зей­нетке шықсам да, жылыжай шаруа­шылығымен шұғылданып келе­мін. Бұл – бір жағынан өзім жақсы көретін сүйікті ісім. Жүзден астам түрлі тұқымдағы гүлдер мен ағаштарды өсіруден жаным рахат табады. Екіншіден, пай­да­лы кәсіп. Осы жылыжай арқы­лы мемлекеттік мекемелер мен кәсіп­орындардан, жекелеген компания­лардан тапсырыстар қабылдап, шаруамды дөңгелетіп отырмын. Кәсіпті дұрыс жолға қоя білудің маңызы үлкен. Ең бастысы, әр істі жаныңның қалауымен атқарған абзал. Сондықтан, Президенттің бизнеске қолайлы жағдай жасау жөніндегі атқарып жатқан жұмыстарын әрдайым қолдаймын. Шынында, соңғы жылдары ауыл шаруашылығы саласындағы фермерлерге мемлекет тарапынан үлкен жағдайлар жасалып жатыр. Ассамблея институты бүгінде бірегей құрылымға айналды. Оның қызметі мен маңызы қоғамда үлкен рөлге ие болуда. Абыройлы ұйымның жұмысы қоғамның көптеген салаларында көріне бас­тады. Әсіресе, қайырымдылық қағидаттарын іске асыратын тетік ретінде жұмыс істей бастағанына қуаныштымын. Бұл еліміздегі түрлі әлеуметтік жағдайға тап келген отандастарымыздың бір елде бір тағдыр кешіп жатқанына көңілдерін иландыра түсетін ізгі іс. Яғни, олар жалғыз емес. Қиын­дығымен бөлісетін, қамқор­лы­ғына, қанатының астына алатын отандас­тары бар. Бұл біздің ширек ғасыр ішінде қалыптасқан қазақстандық санамыздың биік көрінісі дер едім. Людмила ЗЕМЛЯНАЯ, «Жер-Су» ЖШС жетекшісі  Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Украинка ауылы Ақмола облысы

Тәуелсіздікті көздің қарашығындай қорғаймыз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында  ел тәуелсіздігінің берік іргетасы бірлік пен ынтымақта  екендігіне ерекше екпін түсірді. Шындығы да солай, әлемдегі көп­теген елдерде ішкі алауыздық пен сыртқы күштердің ықпалымен бола­тын түрлі кедергілердің зар­дабын көріп келеді. Осындайда біздің басты құндылығымыз – тәуел­сіздікті көздің қарашығындай  сақ­таудың маңызы арта  түседі. Мұны Елбасы «Біз қандай заманда да тәуел­сіздік тізгінін ұстауға тиіс­­піз. Елі­мізді іштің, сырттың алауы­з­­­ды­ғынан сақтап, нығайта түсу та­­рих алдындағы парызымыз және жа­уап­­кершілігіміз. Ұлы Далада туымызды тігіп, еркін өмір сүруге лайықты екенімізді күн сайын өзімізге де, баршаға да дәлел­деп отырумыз керек»,  деп орын­ды бағасын берді. Әлемдік  өр­ке­ниет көшіне екпіндей енген тә­уел­сіз еліміздегі этносаралық ке­лі­­сім­нің беріктігі ұрпақтан ұр­пақ­­қ­а жал­ғасуы керек. Сол арқы­лы бар­ша қазақстандықтардың көке­йін­де жүрген ізгі мақсаты іске аса­ды деп ойлаймын. Өйткені, біз Мәң­гі­лік Елдің басты идеялары – же­ті тұғырын нақты өмірде іс­ке асы­­руды көздеген Ұлы Дала ел­і­­нің пат­­риоттарымыз. Біз осы мақ­сат­тағы ортақ мүдде жолында әрдайым біргеміз. Юрий КУСТАДИНЧЕВ, Атырау облыстық мәслихатының депутаты, «Возрождение» болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы Атырау облысы