• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2016

Жарыстар жаңғырығы

261 рет
көрсетілді

ФУТБОЛ. Қазақстан премьер-лигасының 7-турының ой­ын­дары ойналды. Турдың басты ойыны Пав­лодарда өтті. Онда «Ертіс» «Ас­тананы» қабылдап, 2:2 есе­бімен тең түсті. Алматының «Қай­раты» «Ақтөбе» клубын 3:0 есе­бімен ұтып, биылғы чем­пио­наттағы екінші жеңісіне жетті. Басқа командалардың ойындары былайша аяқталды: «Оқжетпес» (Көкшетау) – «Ор­дбасы» (Шым­кент) 2:0, «Тобыл» (Қос­танай) – «Жетісу» (Тал­дықорған) 2:2, «Тараз» (Тараз) – «Атырау» (Аты­рау) 0:0, «Ақ­жайық» (Орал) – «Шахтер» (Қарағанды) 0:1. ДЗЮДО. 13-15 мамыр күндері Алматыда «Grand Prix» жарысы өтеді. Оған 97 мемлекеттен 579 спортшы қатысады. Бұл – елімізде ұйымдастырылған «Grand Prix» жарыстарына қа­тысушы мемлекеттер саны бойынша рекордтық көрсеткіш. БОКС. Сербияның Белград қаласында өткен халықаралық турнирге Қазақстан құрамасының бес боксшысы қатысып, бесеуі де жеңімпаз атанды. 48 килода Біржан Жақыпов финал­да шотландиялық Акил Ахмед­ті, 60 килода Сұлтан Зауыр­бек бразилиялық Робсон Кон­сейсаоны жеңсе, 69 кило салмақта Данияр Елеусінов германиялық Аббас Барауды тізе бүктірді. 81 кило салмақ дәрежесінде Нұрбол Алтаев бразилиялық Мичел Бор­гесті, 91 килода Василий Левит италиялық Клементе Руссоны жеңді. Қазақстан командалық есепте бірінші орын алды. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА. Бейжің қаласында Қытайдың жеңіл атлетикадан ашық чемпионаты аяқталды. Оған 21 елден мүмкіндігі шектеулі 200 спортшы қатысты. Чемпионатта Қазақстан атынан Мақжан Нұрлыбаев, Сергей Харламов, Ислам Сәлімов, Аманат Қалқаев, Алексей Лукутин, Павел Сидорчук күш сы­насты. Солардың арасынан Ислам Сәлімов 400 метр­ге жү­гіруде чемпион атанды. Ал Ама­нат Қалқаев ұзындыққа се­кіруде күміс жүлде жеңіп алды. «Егемен-ақпарат»