• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2016

Үш ұры

342 рет
көрсетілді

Ұрлықты жетіспеушіліктен жасайды дейтінбіз. Сөйтсек, қолға ілінгеннің бәрін үптемей, тек асыл тастарды алумен ай­налысатындар, яғни таң­дап тонайтындар да бар екен. Маңғыстау облысында тек алтын бұйымдарды ұрлаумен айналысқан ұрылар ұсталды. Оларды бәзбіреулер «кезбе ұрылар» деп атап үлгерді. Себебі, Маңғыстауға Қызылорда облысы өңірінен келген ұрылар ел-жерді кезіп жүріп, «кәсіп жасайтын» болып шықты. Олар Маңғыстауда Форт-Шевченко, Жаңаөзен, Жетібай, Құрық, Шетпе кенттерінен 27 үйдің мүлкін қолды еткен. Алдымен, ауыл­-ауылды аралап, ауқатты, дәулетті деген үйлердің есігін қағып көреді екен. Үйде адам жоқ екендігіне көз жеткізген соң, терезеден кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды алып кете беретін болған. Көбіне жеке үйлерді тонаумен айналысып келген үш баукеспе «олжаларын» Ақтау қаласындағы орталық базарда өткізіп келген. Алайда, әлі өткізіп үлгермегендерін полиция тәркіледі. Баукеспелер жарты айдың ішінде 15 миллион теңгенің дүниесін қолды еткен. Оларды тінту барысында 2 миллион теңге мен біршама Канада доллары табылды. Әуелде, құтылғандарымен, артынан тұтылды. Қазір ұрылар тергеу абақтысында. Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан» Маңғыстау облысы