• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2016

Ұлттық нейрохирургия орталығы аккредиттелді

493 рет
көрсетілді

Таяуда Астанадағы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Халықаралық біріккен комиссиясының (Joint Commission International, JCI) үш жылдық ре-аккредиттеуінен сәтті өтіп, ұсынылатын медициналық қызметтер мен сервистер сапасының және қауіпсіздігінің жоғары деңгейін дәлелдеді. Үстіміздегі жылдың 29 нау­рызы мен 1 сәуірі күндері өткен  жан-жақты тексеру ж­ұмыстарын тәуелсіз халық­аралық комиссия жүргізді. Атап айтсақ, АҚШ-тан аудитор дәрігер, Гарвард университетінің ғылым магистрі Патрисия О-Шей, мейір­гер, ғы­лым магистрі Эн Уот­кинс, нидерландтық әкімші, ем­­­­делушінің қауіпсіздігі бо­йын­ша философия докторы Озлем Йылдырым келген болатын. Аккредиттеу барысын­да клиникадағы барлық дәрі­герлердің, орта және кіші меди­циналық персоналдың, әкімшілік блоктың, инженерлік және медициналық емес қыз­меттердің жұмыстары жіті қара­лып, тексеруден өтті. 2013 жылы «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ аталған аккредиттеуден тұңғыш рет өткен еді. Алайда, JCI стандарттары бойынша халықаралық аккредитация туралы сертификаттың іс-әрекет ету мерзімі үш жылды құрайды. Осы мерзім аяқталған соң медициналық қызметтер сапасының сәйкестілігін растау үшін емдік мекеме ре-аккре­диттеуден өтіп тұруы қажет. Бұдан басқа, аккредитациялар аралығында JCI сарапшылары аккредиттелген ұйымдардың қыз­метіне қадағалау тексе­рістерін жүргізіп отырады. Бұл ме­дициналық қызмет көр­сетудің әртүрлі кезеңінде ұсы­нылатын қызметтер сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік бола алады. Әлем бойынша JCI стандарттарына 600-дей аурухана толық сәйкес келеді. Ал Қа­зақ­станда JCI стандарттары бойынша 7 медициналық ұйым, Ресейде – 2, Литвада – 3, Молдовада 1 емдеу мекемесі аккредиттеліп үлгерді. JCI халықаралық аккредит­теуінен өту – Ұлттық нейрохирургия орталығының емдеу және сапа стандарттарының жоғары қауіпсіздігіне бейімделуін арт­­­тырады. Бұл дегеніңіз қа­зақ­стан­­дықтардың ел шекарасы­нан аспай, жоғары сапалы ме­дициналық қызметтерді дер кезінде алуларына мол мүмкіндік тудырмақ. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»