АСТАНА. 27 сәуір. Сомалиде «Аш-Шабаб» лаңкестік ұйымының содырлары әскери базаға шабуыл жасады. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қақтығыс салдарынан 6 әскери қызметкер және 10 экстремист қаза тапты. Мәліметтер бойынша, лаңкестер әскери базаны басып алып, иелік еткен. Алайда, көп ұзамай қосымша жауынгерлер келіп, аталған орынды өздеріне қайтарып алды.
Айта кетейік, Сомали мемлекетінде «Әл-Каида» лаңкестерімен тығыз байланыс орнатқан «Аш-Шабаб» үкімет әскери базасына жиі шабуыл жасайды. Сәуірдің 12 күні ел астанасы Могадишода жанкешті мінген көлік үкімет ғимаратына кіре бергенде жарылған. Лаңкестік әрекеттен 5 адам мерт болды.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: 24.kz.