• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2016

Президент Сауд Арабиясының сыртқы істер министрін қабылдады

261 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 сәуір. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы корольдігінің сыртқы істер министрі Әділ әл-Жубейрді қабылдады. Бұл туралы akorda.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Кездесу барысында сауда-экономика, қаржы-инвестиция, мұнай химиясы және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Қазақстанға тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Екі елдің түрлі саладағы жемісті ықпалдастығына назар аударған Мемлекет басшысы экономикалық ынтымақтастықты күшейту қажеттігін айтты. Қазақстан Президенті сондай-ақ, екі елдің ұзақ мерзімді даму стратегияларында белгіленген стратегиялық мақсаттардың ұқсастығын айтты. Әділ әл-Жубейр Қазақстан мен Сауд Арабиясының арасындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға күш салудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол біздің елдің ислам әлемін өркендетудегі елеулі рөліне назар аударды. Талғат Райымбек. Дерек, фото: akorda.kz.