АСТАНА. 27 сәуір. АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Сакраменто қаласында жасанды дәріні ауырғанды басатын дәрі ретінде пайдаланған 12 адам қайтыс болды. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
АҚШ-та белгілі Norco дәрісімен сатылған жалған дәріден өткен айдың соңынан бері барлығы 52 адам уланды. Мәліметтер бойынша құрамына опиодты анальгетик фентанилдің ең жоғарғы мөлшері қосылған. Тергеу жұмыстары кезінде жасанды дәрілер Сан-Франциско қаласында да табылған.
«Соңғы апталарда Norco дәрісін ауырғанды басады деп пайдаланған 7 адамды дәрігерлер емдеді», – делінген хабарламада.
Аян Әбдуәли.
Дерек: lenta.ru.
Фото: ogemorroe.com.