• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Сәуір, 2016

Италияда тұрғын үйлер 1 еуроға сатылып жатыр

359 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 сәуір. Италияның Оллолаи коммунасының әкімшілігі Сардиния аралында халықтың азаюына байланысты тұрғын үйлерді төмен бағамен сату туралы шешім қабылдады. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәліметтер бойынша, тұрғын үйлердің басым бөлігі ескі әрі қиранды. Сатып алған адам міндетті түрде күрделі жөндеуден өткізуі тиіс. Жөндеу жұмыстарын жүргізу келісімшарттағы негізгі талаптардың бірі болып есептеледі. Осыған қарамастан арзан баспаналарды сатып алушылар қатары артып барады. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.