Ақмола жерінде сынақтан өтіп жатыр
Ақмола облысының Шортанды ауданында орналасқан А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бидай тұқымының жаңа бір түрін сынақтан өткізуде. Астықтың бұл сұрпы бұған дейін тек Германия, Польша, Франция, Австралия, Қытай, Венгрия және Беларусь елдерінде өсірілген.
Отандық бидайдың басты ерекшелігі – қуаңшылыққа шыдамдылығы. Қазір зертханалық жағдайда сынақтан өтіп жатқан жаңа тұқым енді 7-8 жылдан кейін егістік даласына себіледі. Мамандардың айтуынша, бұл сұрыптың болашағы зор. Бізбен пікірлескен аталған институттың зертхана меңгерушісі Галина Штефан былай деді:
– Аталмыш тұқымның қолданыс аясы өте кең. Оны шаруалар мал жемі ретінде де пайдалана алады.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы,
Шортанды ауданы