• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы №130

353 рет
көрсетілді

2015 жылғы 25 ақпан,  Астана қаласы Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 144-бабының 6-тармағына және 150-бабының 4-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі  Е. ДОСАЕВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ___________ Т. Дүйсенова 2015 жылғы 25 ақпан Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығымен бекітілген Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесі №     Жұқпалы аурулардың атауы 1.    Оба 2.    Тырысқақ 3.    Сары қызба 4.    Вирусты геморрагиялық қызбалар 5.    Ауыр қатты респираторлық синдром (АҚРС) 6.    Вирустың жаңа кіші түрінен пайда болған адам тұмауы 7.    Халықаралық медициналық-санитариялық ережелерінің (2005) № 2 қосымшасына сәйкес халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлардың пайда болатын басқа да инфекциялық аурулар Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 наурызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10527 болып енгізілді.