• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Оралда есірткі тасымалдаған күдікті ұсталды

265 рет
көрсетілді

ОРАЛ. 28 сәуір. Орал қаласында «Арлан» арнайы жасақ өкілдері есірткіге қатысы бар күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы mydorod.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға Дина Нұрпейісова көшесінде орналасқан сауда орындарының бірінде болған. Бұл жағдайға байланысты полиция қызметкерлері ресми мәлімдеме жасаған жоқ. «Полицейлер қара түсті Lexus автокөлігін тоқтатып, жүргізушісін тұтқынға алды. Естуімізше, есірткіге қатысы бар», – деді куәгерлер. Темір Құсайын. Дерек, фото: mygorod.kz.