ҚОСТАНАЙ. 28 сәуір. Қостанайдағы «Казгидромет» орталығы облыстық филиалының мамандары алдағы тәуліктерде өңірінде қар аралас жаңбыр жауатынын болжап отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Синоптиктер Қостанай облысында алдағы үш тәулік ішінде 3 градусқа дейін күн суытып, 28-29 сәуір күндері қар аралас жаңбыр жауатынын айтты.
«Казгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының инженер-синоптигі Валентина Загребина: «Облыс өңірінде 27 сәуірдің түнінде 3 градусқа дейін суық болған еді. Ауа райының осы мінезі алдағы тәулікте де өзгермейді. Түнде 3 градус суық болады да, күндіз 3-8 градусқа дейін жылиды. Қар аралас жаңбыр күтіп отырмыз», – деді.
Маманның айтуынша, 30 сәуір мен 1 мамыр күндері күн жыли түседі, түнде сынап бағанасы 0-ден 5 градусқа дейін көтерілсе, күндіз 17, кей жерлерде 23 градусқа дейін барады.
Нәзира Жәрімбетова.
Дерек, фото: egemen.kz.