• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
28 Сәуір, 2016

Боксшы Иван Дычко есірткіге қарсы акцияға қатысты

237 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 28 сәуір. Лондон олимпиадасының қола жүлдегері, үш дүркін әлем чемпионы, боксшы Иван Дычко облыстағы «Жастар есірткіге қарсы!» акциясына қатысты. Шараны Қостанай облыстық ішкі істер департаменті есірткімен күрес басқармасы колледждер студенттері үшін ұйымдастырды. Бұл туралы облыстық ішкі істер департмаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Акцияны ұйымдастырушы облыстық есірткімен күрес басқармасының жедел уәкілі Айгүл Ерәділова жасөспірім кезінен спортпен шұғылданған атақты боксшы Иван Дычконы жастар үлгі алсын деп шақырғанын айтты. Ол: «Мұндай кездесулер елімізде саламатты өмір салтын қалыптастырудағы нәтижелі қадамдар болып  табылады. Өйткені, спорт жұлдыздарымен жүзбе жүз кездесу жастарға ой салады. Бізге дені сау, шымыр жастар керек», – деді. Иван Дычко облыстағы мұндай акциялардың жиі қонағы болады. Мысалы ол жақында суицидтің алдын алу туралы баяндалатын әлеуметтік роликке түсті. Жаттығуларының арасында, жарысқа бармаған кездерінде ылғи уақыт тауып, жастармен кездеседі, оларға спорт, бокс туралы айтып отырады. «Спорт – зиянды әдеттермен күресудің қуатты құралы. Бұл жөнінде мен шаршамай айтып келемін», – деді Олимпиада жүлдегері. Сондай-ақ, ол жастарға өзінің спорт жолдарынан қызықты әңгімелер айтты және акция басталар алдында жанкүйерлеріне қолтаңба берді. Полицейлер осы кездесуде студенттерге синтетикалық есірткі заттарының және жастар арасында тарап отырған марихуананың зияны туралы деректі фильм мен түрлі роликтер көрсетті. Облыстық наркологиялық дипансердің психологы Алма Құлмұхамбетова нашақорлықтан қалай аулақ болу керктігі және есірткіге еліккендерді емдеудің қиындығы туралы айтып берді. Облыстық диспансерде қазір 50 ауру емделуде, оны 15-і нашақоролар. Психолог жақында спайс деп аталатын синтетикалық есірткі затты пайдаланған ресейлік екі жастың емделгені туралы ақпарат айтты. Есірткінің бұл түрі оларды есту қабылетінен айырған. Мұндай акциялар мектеп оқушыларының арасында да өтіп жүр, олармен кездесуге де облыстағы белгілі спортшылар шақырылады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, фото: Қостанай облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.