АСТАНА. 29 сәуір. Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің бағасы ICE биржасында 48 доллардан асты. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
ICE Futures Europe биржасында фьючерс бағасы бір барреліне 48,06 долларды құрады. Ал бейсенбі күні кешке Нью-Йорктегі сауда-саттықта WTI мұнайының құны 45 доллардан асып кетті. Bloomberg-тің хабарлауынша, бұл соңғы 5 ай ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш.
Аян Әбдуәли.
Дерек: inform.kz.
Фото: lenta.ru.