АСТАНА. 28 сәуір. Оралда допты хоккейден Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Чемпионат 25 сәуір күні басталған. Ол 30 сәуірде аяқталады. Орал қаласының Мұз айдынында өтіп жатқан ел чемпионатына 2005-2006 жылдары туған жасөспірімдер қатысып жатыр. Жарысқа Астана, Ақтөбе қалаларының және Батыс Қазақстан облысының екі командасы қатысуда.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті.