АСТАНА. 29 сәуір. Тайваньда археологтар 5 мың жыл бұрын көмілген 48 адамның мәйітін тапты. Бұл туралы spbdnevnik.ru-ға сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Олардың арасында бір әйелдің сүйегі көпшіліктің назарын аудартты. Ерекшелігі – ол сәбиін ұстаған күйі жерленген. Жаратылыстану ғылымдарының ұлттық мұражайы антропология бөлімінің қызметкері Чжу Хуэйли мамандардың таңданыстарын жасыра алмағанын айтты.
Ғалымдар оның тістері арқылы осыдан 4800 жыл бұрын, яғни неолит дәуірінде өмір сүргенін анықтады. Зерттеу нәтижелері бойынша жерленген кезде жасы 20-да болғаны белгілі болды. Бойының ұзындығы 160 сантиметр. Ал қолындағы сәбидің тіпті, тістері де шығып үлгермеген, бойы 50 сантиметр. Сонымен қатар, қабірден ыдыс-аяқтар да табылды.
Мұндай қорымдар осыған дейін де табылған. Өткен жылы Қытайдың арнайы құрылған тобы қола дәуірінде тіршілік еткен анасы мен баласының қаңқаларын тапты. Болжам бойынша зілзала кезінде баласын қорғамақ болған.
Аян Әбдуәли.
Дерек: spbdnevnik.ru.
Фото: youtube.com.